Salem social media-ның жаңа туындысы көрерменге жол тартады

КИНО
1839

Salem social media-ның «Ойыншы» атты жаңа сериалының премьерасы 2022 жылдың 3-ші наурызында өтеді. Бұл туралы Salem продюсері Анар Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды «Мәдениет» порталы. 

Түсірілім барысынан үзінді кадрБас кейіпкер Данияр есімді жас үйленген жігіт белгілі бір өмірлік жағдайларға байланысты қысқа мерзімде үлкен ақша табуға мәжбүр. Оған спорттық ставкалар көмектеседі. Жеңіл ақшаның қалай арбап, ставкалар әлемінің оны қалай жұтып бара жатқанын сезбей қалады.

«Бұл сериалда біздің қоғамның ең жаһандық проблемаларының бірі қозғалған. Әлемнің көптеген елдерінде құмар ойындар ресми ауру болып саналады. Бұл адамның қыңырлығы ғана емес, ішімдікке немесе есірткіге сияқты толық тәуелділік. Қазақстанда, мысалы, ойыншылардың саны 350 мыңға жуықтайды. Осыған орай, статистикаға сәйкес, он ерлі-зайыптылардың жетеуі құмар ойындарға деген құштарлығына байланысты отбасын бұзуға мәжбүр» – дейді фильмнің авторлары.

Басты рөлдегі кейіпкер Даниярды актер Әбілмансұр Серіков сомдайды. Сондай-ақ, сериалда Әлішер Исмаилов, Еркен Губашев, Лиза Серікова, Алтыншаш Шаяхметова, Әлихан Кәрібаев және Серік Салқынбаев өнер көрсетеді. 

Сценарий авторлары – Диас Бертис және Қуаныш Стаханов. Қоюшы-операторы – Қайрат Темірғалиев.  

madeniportal.kz

Без категории

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...