Астана Опера Mezzo төрінде!

ТЕАТР
2494

Astana Opera-ның жаһандық музыкалық жобасы – Г.Малердің әйгілі №8 симфониясын Astana Opera-ның бас дирижері, атақты маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен 1200 әртістің орындауы еуропалық танымал «Mezzo» телеарнасында көрермендердің зор қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Концерт Еуропаның және әлемнің 38 елінде көрсетіліп, шамамен 40 миллион адамнан тұратын көрермендер аудиториясы қазақстандық музыканттардың орындауындағы осынау ұлы шығармамен танысты.

Қазақстандық өнердің жоғары деңгейі мен елдің шығармашылық әлеуетіне телеарнаның басқа да сүйікті көрермендері баға берді. Айта кету керек, Г.Малердің №8 симфониясы «Mezzo» телеарнасында өткен жылдың желтоқсан айынан бастап көрсетілді.

Көрсетілімдердің кезекті топтамасын көрермендер 4 ақпан 7:45-те, 9 ақпан 14:40-та, 11 ақпан 12:30-да, 18 ақпан 10:45-те тамашалай алады (Қазақстан уақыты бойынша).

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...