Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрыАқтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ теат...
Ұлытауда жиһангез қария сыйға бөленді
Жиһангез қарияға сый-құрмет көрсетілді. Ол жайында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін жиһанкез ақсақалды облыс орталығында марапаттадық. Осы жылдың 31 наурызында жорығын бастаған 72 жастағы Сәрсенбай ақсақал 6 айда 8 мыңдай шақырым жерді жаяу жүріп өтті.
Астанадан қасиетті Меккеге дейін 6139 шақырым. Демек, егер Сәрсенбай ата мұсылмандық парызын орындаймын десе, онда артығымен атқарар еді. Өзінің осы жорығын соңғы 6 жыл бойы ойлап жүріпті, жоспарлапты.
Бұл да жас буынға үлкен үлгі. Алдыңа қойған мақсаттан ешқашан бас тартпа. Қанша қиындық болса да, ауыр сәттер болса да, алға қарай жүруге талпыну керек. Себебі, кез келген адам көптеген мүмкіндікке ие, - деп, ақсақалдың өнегелі бір ісі – қиындыққа мойымау екендігін жазды.
Аймақ атқамінерлері жиһанкез қарияға қала орталығыан пәтер кілтін табыстаған.
Үлкен кісіге өзінің ісіне сай сый-құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастамасымен, Kazakhmys Corporation қолдауымен Жезқазған қаласының орталығында пәтер кілті тапсырылды. Шапан жабылып, естелік сыйлықтар берілді. Атамыз жүз жасасын!» – деп жазды Ғалымжан Құсманғали.