Балалар жылы аясында Қуыршақ театры байқау ұйымдастырды

ТЕАТР
4680

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің қай-қайсысын оқысаңыз да ой мен сезімі қатар келген дауылды ақынды тани түсесіз. Жыр жүйрігінің жауһарлары өз дәуірінің тынысы ғана емес, марқұм Фариза Оңғарсынова айтпақшы «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия». Келешек ұрпағымен мәңгі жасай беретін поэзия. 

Балалар жылы аясында Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үстіміздегі жылдың ақпан айының 1-8 күндері аралығында қазақ поэзиясының хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың жырларына негізделген қалалық «Жыр қанатында» поэзия оқудан онлайн байқау ұйымдастырды.

Байқауға Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептерден 7-16 жас аралығындағы 170-тен астам оқушы қатысты. 

Театр әкімшілігінің бекітуімен арнайы құрылған шығармашылық комиссияның байқау талаптарына негізделе жан-жақты сараптау нәтижесінде тоғыз үздік қатысушы іріктелді:

ТЛЕУХАН АЙСҰЛТАН АЛМАТҰЛЫ – №173 мектеп-лицейдің 2 «Б» сынып оқушысы;

МҰҚАШЕВА АДИНА – «Тәлім» білім беру орталығының 2 «А» сынып оқушысы;

НҰРАХМЕТ МҰСТАФА – №156 мектептің 2 «А» сынып оқушысы;

ОХОН МУБИНА ИБРОХИМХОДЖАҚЫЗЫ – №169 мектеп-лицейдің 2 «Д» сынып оқушысы;

ДАРХАН БАКИТХАН – Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы;

ӘНУАРБЕК АЙЗЕРЕ – №182 мектептің 7 «Г» сынып оқушысы;

ЕРГЕШОВА АҚБОТА – №152 мектеп-гимназиясының 8 «Ж» сынып оқушысы;

ЖАРҚЫНБЕК ДИАНА АЙБЕКҚЫЗЫ – Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы;

СЕРІК НҰРЖАН – №149 мектептің 11 «В» сынып оқушысы.

Жеңімпаздар театр әкімшілігі атынан естелік сыйлықтармен, арнайы дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Поэзия әлемінің хас жүйріктері додаға түскен аламан бәйгеде жеңімпаз атанған оқушыларға толағай табыстар мен биік белестер тілейміз. 

madeniportal.kz

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...