«Берлин» кинофестивалі өз жұмысын бастайды

КИНО
1921

Германияда үстіміздегі жылдың 10-шы ақпанында 72 Берлин халықаралық кинофестивалі салтанатты түрде ашылды. Ресми түрде фестиваль 20-шы ақпанға дейін жалғасады, бірақ байқаудың негізгі бөлігі 16-да аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді. Қалған төрт күнде фестивальге қатысушы фильмдер қала бойынша кинотеатрларда көпшілікке көрсетіледі, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».  

Негізгі байқаудың жүлделері үшін күреске 15 елден 18 жоба қатысуда. Олардың ішінде 17 фильм – әлемдік премьералар. «Алтын аюға» үміткерлер қатарында байқаудың тұрақты қатысушысы, корейлік минималист режиссер Хон Сан-Су «Жазушы фильмі» атты жаңа жұмысымен, 2012 жылғы Берлиналенің жеңімпазы Паоло Тавиани Луиджи Пиранделлоның шығармаларына негізделген «Леонора, қош бол» туындысымен, камбоджалық қоюшы Рити Панхтың «Бәрі жақсы болады» анимациясы, сондай-ақ деректі экспериментші Ульрих Зайдльдің  «Римини» жобасы бар.

Негізгі байқаудың қазылар алқасын сценарист, режиссер және продюсер М.Найт Шямалан басқарады. Онымен бір командада бразилиялық режиссер Карим Айнуз, 2019 жылдың Канн бағдарламасының бас жүлдесінің иегері тунистік түп тамыры бар француз продюсері Саид бен Саид, неміс режиссері Анна Зора Берашед, Зимбабвенің жазушысы және режиссері Цици Дангарембга, жапон режиссері Рюсуко Хамагути, сондай-ақ даниялық актриса және модель Конни Нильсендар бар.

72 Берлин халықаралық кинофестивалінде отандық режиссерлардың өнімдері негізгі байқауда бақ сынамаса да арнайы бағдарламада фестиваль қонақтарына ұсынылатыны анық. Олардың қатарында Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмі «Панорама» бағдарламасына енді. «Бақыт» фильмі – біздің қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғайды. Басты кейіпкер әйелдің бақыты мен үйлесімділігіне қалай жетуге болатындығы туралы насихаттап жүргенімен, көптеген жылдар бойы өз отбасындағы ұрып-соғудың құрбаны екенін жасырады.

madeniportal.kz

Берлиналедегі отандық кинематографтың тағы бір әлемдік премьерасы Фархат Шәріповтың «Схема» атты жаңа фильмі. Онда режиссер «18 килогерц» фильмінде басталған қазақстандық жасөспірімдер мен олардың есірткіге қатысты проблемалары тақырыбын жалғастырады. Фестивальде балалар мен жасөспірімдер туралы фильмдерге, өсу тарихы мен қиял мен қатыгез шындық арасындағы қақтығыстарға арналған Generation («ұрпақ») секциясы қарастырылған.

Сондай-ақ фестивальдің «Форум» бағдарламасында Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің еуропалық тұсаукесері өтеді. Айта кету керек, Дәрежан Өмірбаев өткен жылы Токио кинофестивалінде «Ақын» фильмі үшін «Үздік режиссура» жүлдесін иеленді, онда оның фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Фильмде шағын басылымда жұмыс істеуге мәжбүр болған заманауи ақын Дидардың оқиғасын баяндайды. Бірде, аты аңызға айналған Махамбет Өтемісов туралы оқи отырып, Дидар ақынның тағдыры кез келген уақытта оңай емес екенін түсінеді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...