Аңыздың бәрі әдемі басталып, әдемі аяқтала бермейді. Кезекті кейіпкерімізді зерттеу барысында,...
«Өрмекші адам: үйге жол жоқ» ресми түрде әлемдік прокатта миллиардер атанды
Өрмекші адам нағыз голливудтық мега хиттің не екенін еске түсіру үшін экрандарға оралды. Marvel комикстер әлеміндегі ең танымал кейіпкер пайдаға кенелу жағынан көш бастап келеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Өрмекші адам: үйге жол жоқ» кинокомиксі ресми түрде әлемде бір миллиардтан астам доллар жинады ($1,05 млрд). Бұндай көрсеткішке жету үшін фильмге он екі күн қажет болды. Әлемдік кинопрокат тарихында бір уик-эндта «Жұлдызды соғыстардың» жетінші эпизоды, сондай-ақ соңғы «Мстители» (бес күн) және «Шексіздік соғысы» (11 күн) көрсеткен болатын. АҚШ-та «Өрмекші адам» сегіз күндік прокаттан кейін 467,3 миллион доллар жинаса, ал әлемдік прокатқа енген елдер фильмге 587,1 миллион доллар қосты.
«Өрмекші адам: үйге жол жоқ» пандемия кезінде миллиард жинаған әлемдегі жалғыз фильм болды. Прокаттың алғашқы күндерінен бастап Мексика, Бразилия, Аргентина, Сауд Арабиясы, Эквадор, Украина және Түркияда жаңа рекордтар орнатылды. Питер Паркердің қуатты серпінің Қытай елі өкінішке орай көре алмады. Соңғы бір жарым жыл ішінде қытайлықтарға тиесілі әлемдік бокс кеңсесінде көшбасшылықты Джон Уоттстың «Өрмекші адамы» Голливудқа қайтарып берері анық болған. Сондықтан болар Қытай билігі түрлі сылтаулармен аталмыш фильмнің шығарылымын бұғаттады. Неліктен Спайдермен ҚХР кинотеатрларына жете алмағандығы ресми түрде хабарланған жоқ.