Алматыда әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар табысталды

Жаңалықтар
2492

Алматыда Мәдениет және спорт министрі әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени саласын сақтауға және дамытуға үлес қосқан шығармашыл қызметкерлерді қолдау мақсатында беріледі. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнердің 74 қайраткеріне тағайындалды. 

Олардың қатарында Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Софы Сматаев, Асанәлі Әшімов, Ақұштап Бақтыгереева, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Досхан Жолжақсынов және т.б. майталмандар бар. Сонымен қатар, Рухия Байдүкенова, Бейбіт Сарыбай, Саида Қалықова, Ержан Максим, Наурыз Ернат, Темірлан Олжабай секілді жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

Министр Дәурен Абаев салтанатты рәсімді аша отырып, марапат иелерін шын жүректен құттықтап, Мемлекеттік стипендияларды тапсыру олардың отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда қоғамда, әсіресе жастар арасында конструктивті рухани құндылықтарды ілгерілету ісінде шығармашылық интеллигенцияның рөлі артып келе жатқанын жеткізді. 

Сонымен қатар, министр биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, Әзілхан Нұршайықов пен Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтетіндігін айтты. Кездесу соңында Дәурен Абаев рәсімге қатысушыларға мықты денсаулық, шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тіледі.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...