Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлін...
Қасым хан туралы фильм 12 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетіледі
3404
Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік парақшасында хабарлады. Аталған картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді. Кинотуындыда Қасым ханның өмірі, хандық билігі мен Қазақ хандығының нығаюы жолындағы күресі баяндалған. Фильм оқиғалары XV ғасырдың 70-жылдары мен XVI ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды.

