Дәурен Абаев Алматыдағы бірқатар спорт нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Мәд...
Әзербайжанда қазақ әдебиетінің электрондық базасы құрылады
Қазіргі тұста қазақ жазушыларының әзербайжан тіліндегі шығармалардың электронды базасы құрылып жатыр. Электронды база елдегі барлық кітапханаларға қолжетімді болады. Бұл туралы "Хабар 24" агенттігіне сілтеме жасап «Мәдениет порталы» хабарлайды. Қазақстан мен Әзербайжан 30 жыл бойы дипломатиялық қатынастармен қатар, мәдени байланыстарын да қарқынды дамытып келеді. Әзербайжанда қазақ әдебиетінің электрондық базасының құрылуы Әзербайжан ұлттық кітапханасы және Қазақстан ұлттық кітапханасы екіжақты ынтымақтастық меморандум негізінде атқарылуда.
Хайаля Исмаилова, Әзербайжан ұлттық кітапханасының бөлім басшысы: - Әзербайжанның ұлттық кітапханасында 2019 жылы халықаралық қатынастар залы ашылды. Онда 16 елдің басылымы сақталған. Залдағы ең ауқымды бұрыштардың бірі – кітапханамызға табысталған қазақ жазушылары кітаптарының стенді. Соңғы рет 200-дей кітап сыйлады. Жақын арада жаңа электронды базамыздың тұсаукесерін өткізуді көздеп отырмыз. Қос ел арасында дипломатиялық қатынастың орнауына 30 жыл толуына орай, Әзербайжанның ең ірі кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты.
Табысталған кітаптар арасында тарихи, көркем, ғылыми әдебиет және қазақ прозасы мен поэзиясының антологиялары бар. Әзербайжан ұлттық кітапханасы мамандарының айтуынша қазақ және әзербайжан әдеби орталықтарын ашу жоспарда бар екендігін жеткізді.
Фото: дереккөз