Фото Радмира ФахрутдиноваБақыт Сұлтанов Comi com фестивалін дәстүрлі түрде өткізу қажеттігін айтты....
«Абайдың қара сөздері» киножобасының түсірілімі басталды
1262
Президент телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» көркем киножобасын түсіруге кірісті. Бұл туралы Президент телерадиокешенінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
15 бөлімнен тұратын жоба «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен жүзеге асады. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жүреді.
Телевизия жобасының әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады. Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сияқты танымал қазақстандық актерлер сомдайды. Жоба авторлары күрделі режиссерлік шешімдер арқылы ұлы ойшылдың аңызға айналған «қара сөздерін» жаңа қырынан ашуға тырысады, – деп жазылған ресми мәліметте.
Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаеваның айтуына қарағанда, телерадиокешен ұжымы бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен кірісіп отыр.
Оның философия пайымдары мен даналығы уақыт өткен сайын өзекті бола түскен. Ойшылдың «Қара сөздері» қоғамның рухани-мәдени өміріне бағдар беріп тұр. «Ақыры ойладым: ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Ұлы ақынның сол айтқаны айнымай келіп, бүгін жұрт «қара сөзбен» жазылған рухани мұраны әлі азық қылып келеді, – дейді Раушан Қажыбаева.