Астананың қоғамдық ұйымдары Ақмола облысына тағы 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

www.gov.kz

Жаңалықтар
484

Бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 800 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Өткен демалыс күндері "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қоры мен Астана қаласының Ауғанстандағы мүгедектер мен соғыс ардагерлері одағы су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 12 тонна гуманитарлық көмек берді, деп хабарлайды madeniportal.kz, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Үкіметтік емес ұйымдар Ақмола облысының Бұланды ауданына 12 тонна гуманитарлық көмек жіберген.

Қатардағы азаматтардың, соның ішінде ауған ардагерлерінің ұйымшылдығының арқасында азық-түлік, матрацтар, көрпелер, киім-кешек пен жылы киім, зардап шеккендерге қажетті заттар жиналды.

Бұған дейін Қор Астанадан Ақтөбеге 7 тоннаға жуық гуманитарлық көмек берген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмек қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді. Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды.

Ниет білдірушілер қажетті өнімдерді жинап, оларды қабылдау орындарына апара алады.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...