Елордада Журналист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы таныстырылды

Жаңалықтар
911

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Мәдениет порталы  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зерделі еңбек. БАҚ саласы қызметкерлері мен журналистика факультеттерінің студенттері үшін, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге, медиа саласына қызыққан көпшілікке арналған. 

Аталмыш еңбекте автор әлемдік медиасфераны, сондай-ақ бүгінгі және алдағы 20-30 жыл көлемінде Қазақстан газеттеріне сараптай отырып,  дүниежүзіндегі БАҚ-тың  өзекті мәселелері мен БАҚ-қа цифрлық технологияның әсерін талдай отырып, баспа БАҚ-тың өз форматын, мазмұнын өзгерту керектігін айтады. Кітап  «Mazmundama» қоғамдық қоры баспаға дайындаған оқу құралы 1000 данамен басылып шықты. 

 «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «Elorda aqparat» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерге Парламент депутаттары, БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және оқырмандар қатысты.

Фото: дереккөз

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...