Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен отырысында Қанат Бозымбаевты...
Алматыда тарихи кітаптың тұсауы кесілді
15 мамыр күні Алматыда (Поэзия, Мамыр-4, 197Б) Сарбас шежіресінің тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге республиканың әр түкпірінен тарихшы, ғалым, ақын-жазушылар қатысып, түрлі баяндамалар жасады. Әлемге тарыдай шашырап кеткен қандастарымыз шараға дүниенің түкпір-түкпірінен (Швеция, Франция, Түркия, Қытай) онлайн қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, сәлемін жолдады. Тұсаукесерде шежіре кітаптан бөлек, жазушы Қабылқақ Күлмесханның "Тұманды дала" прозалық жинағы таныстырылды.
Кеште түрлі дәстүрлі өнерлер оздырылып, көпшілік қазір ұмыт бола бастаған байырғы қазақтың қисса-дастан оқу мәнеріне куә болды.Аталмыш кітапқа тарихшы, ғалым Жамбыл Артықбаев, Серік Мұстафаұлы, Қажымұрат Төлегенұлы, жазушы Әпетай Мұқарапұлы, Жәди Шәкенұлы сынды қаламгерлердің ғылыми мақалалары, зерттеу еңбектері енген. Кеш соңы әсем ән мен тәтті күйге кезек беріп, концерттік бағдарламаға ұласты.
Салтанат Есенқұлова