Балуан, үш дүркін «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды....
Ұлытауда облыс жастарына шағын несие беру басталды
Ұлытау облысында 21-35 жас аралығындағы жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін жеңілдікті шағын несие беріледі. Микрокредиттің ең жоғары мөлшері – 5 миллион теңге.
Мал шаруашылығындағы жобаларға кредит беру кезеңі – жеті жыл, басқа бағыттар үшін – бес жыл. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%-дан аспайды.
Егер өтініш берушілердің арасында жеке кәсіпкерлер (ЖК) болса, онда оларды мемлекеттік тіркеу мерзімі бес жылдан аспауға тиіс. Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.
Міндетті шарт – кепілдің болуы. Ол үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Бұл ретте кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Ұлытау облысында жастарды жеңілдетілген несиелендіруге жалпы сомасы 345 млн теңгеге 69 жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттарды Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, 40А мекенжайында орналасқан Ұлытау облысының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. анықтамаларға арналған телефондар: 8 (775) 111-27-27, 8 (707) 708-15-99.