«Асыл домбыра - 2022» ақындар айтысы өтеді

ӘДЕБИЕТ
5827

Құрметті айтыс сүйер қауым,  10 маусым күні, сағат 12-00 де, қазағымның үзіліп бара жатқан салт дәстүрін жандандырып, ұлықтап жүрген,  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен,  Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай  «Асыл домбыра - 2022» ақындар айтысы өтеді. Жалпы айтыс  өнері қара сөз түрінде де, өлең түрінде де дамып, халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасып келеді. «Ең алғаш тұрмыс-салт жырлары «Жар-жар» мен «Бәдіктен» бастау алған, сан түрлі  асу-кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырғанына куәсіздер. «Шешеннің сөзі ортақ, шебердің қолы ортақ»дегендей,  ақындықты бар өнердің алды санаған ата-бабамыз айтыс ақындарын қадір тұтқан. Айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында берік сақтап, біздің дәуірімізге жеткізуі, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұтуы болса, екіншіден, сол ел, ру мәртебесін қорғаған ақындардың өлең-жырларын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған. Ақындардан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік ерекшелігін талап еткен айтыстың  шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі тапқырлықтың тұғыры болып ерекше бағаланып келеді. Аламан бәйгеде  ақындардың екінші легі айтысады. Додаға осыған дейін түрлі халықаралық, республикалық ақындар айтысында өнер көрсеткен тәжірибелі айтыскерлер қатысады. Айбек Қалиев , Жансая Мусина, Нұрлан Есенқұлов, Айтбай Жұмағұлов, Марат Ахметов, Жарқын Жұпархан, Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров, Ерлан Дәулет, Серік Қуанған, Айбек Жеңісқазин, Рауан Қайдаров, Айым Асылбекқызы, Бекжан Базарбек, Бауыржан Ширмедин, Нұрбол Жауынбаев сынды майталман ақындардың шұрайлы сөз майданынан, құлақ құрышын қандырып, ләззат аламын десеңіздер Алатауға асығыңыздар, АҒАЙЫН!

Разида Тоқтарбекқызы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры  Ақпарат және маркетинг қызметін дамыту бөлімінің редакторы

Жаңалықтар

Семей қаласында көпқабатты үйде жеделсаты құлап, 6 адам зардап шекті,  деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Құрме...