Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хаб...
Бала психикасы және анимация өнері
Енді дүниеге келген баланың психикасы дәл ақ парақтай, бәрі жаңадан, ашылмаған құпиялар сансыз, оны тек танып білу арқылы бала жетіледі. Бірақ бір ғана қате таңдау арқылы баланың санасында күнде көріп жүрген дүниелер жаңа кейіпке енеді. Оның мысалы ретінде анимация өнері таңдалынып отыр.
Бәріміз білетіндей қазіргі заманда балаларды жұбату үшін көбінесе ата-аналар балаларының қолдарына телефон бере салады, бірақ ары қарай бала не қарайтынында шаруалары жоқ, ең бастысы алда тұрған жұмыстарын бітіру. Бүлдіршіндер ненің жаман ненің жақсы екенін айыра алмайды, сондықтан олар үшін барлығы қызық.
«Балалар және телевидение» мәселесі қазіргі таңда тек ата-аналарды ғана емес, жалпы қоғамды алаңдатады. Өйткені, бүгінгі күнде балақайлардың көп бөлігі далада ойнаудың орнына онлайн ойындармен қатар гаджет алдында отыруды жөн көреді. Ішкі жан дүниесі жаңадан қалыптасып келе жатқан бала үшін ойын да, ертегі де, теледидар да өте қызық. Күнде өзі үшін жаңалық ашып, бәрін білуге ұмтылатын бала үшін теледидар тек уақыт өткізу үшін ғана емес, тәрбие орталығы ретінде өте маңызды. Нақтырақ айта кетер болсақ, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тәрбие құралы мультфильмдер болып табылады. Бірақ та, қазіргі біздің арналардан көрсетілетін мультфильмдер балалардан ауру жасап жатырғаны мәлім.
Балалар барлық назарын экрандағы мультфильмге аударған уақытта, олар өзін қоршаған ортадан алыстап, ешқандай дыбысқа да мән бермейді. Ал мультфильмдерді көріп болған соң балада агрессия, қорқыныш сезімдері оянады.
Бүгінгі күнде «жөнсіз мультфильмдердің» бала психикасына әсері бүкіл әлем мамандарын толғандыруда. Мысалы, Жапонияда 38 сериялы «Пакемондар» атты мультсериалды көрген соң бес жүзден астам бала қояншық (эпилепсия) ауруының белгілерімен ауруханаға түскен. Сонымен қоса «Телепузики» мультфильмінің продюсері, яғни бұрынғы прдюсері Сара Грэм аталған бағдарлама галюциногеннің әсерімен жасалғанын мойындаған екен.
Мамандардың айтуынша, мультфильмде агрессия болса да, ол көңілді түрде көрсетілсе, аса зиян емес. Айталық, мысық пен тышқан туралы «Том мен Джерри» мультфильмі. Серия бойы мысық тышқанды қуып, екеуінің бір-біріне деген ашуы келіп, түрлі әрекеттер жасайды. Бірақ аяғында мейірім жеңіп, ешқайсысы өлмейді. Бұл бала психологиясы үшін өте маңызды. Ал «Мадагаскар», «Көліктер», «Мұздәуірі» мультфильмдерінде жамандықты жақсылық жеңгенімен бала тұрмақ үлкеннің құлағына жағымсыз сөздер, тіркестер жиі кездеседі. Қазіргі заманда онсыз да гиперактивті балалар өсіп келе жатқандықтан олар мультфильм немесе мультсериал кейіпкерлерінің іс-қимылдарын қайталауға тырысады. Сырттан бұл өте сүйкімді болып көрінгенімен бала психикасында мүлдем басқа қабылдаулар. YouTube желісін барлығымыз білеміз ол желіде қаралымға арналған видеолар ересектерге де, балаларға да, жарай береді, яғни бұл YouTube желісі әртүрлі жастағы көрерменге арналған. Ал арнайы балаларға арнайы Ютуб желісінде шынымен балаларға арналған бірақ психологиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ бұлжерде неше түрлі мылқау видеолар, неше түрлі баланы баурап алатын, бірақ сапасыз әрі жиеркенішті екенінәр ата-ана байқап та жатқан жоқ. Келер ұрпаққа бұл тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, анимация жанрында тек бала психикасына кері әсер ететін ғана емес сондай ақ балаларды жетілдіруге жетелейтін мультфильмдердің барын айта кетпесек болмайды. Санаулы болғанымен бала психикасына жақсы әсер ету жағынан алдыңғы қатарды алатыны белгілі. Мысалына айта кететін болсақ, «Балапан» телеарнасында болатын санамақ жайлы анимация, ол балаларды әртүрлі тілде санауға баулиды. Сонымен қатар жауыз жалмауызы жоқ балаларға білім беретін анимациялық фильмдер жетерлік. Бірақ бала оның бәрін қарай бермейді, өйткені баланың таңдауы бөлек. Бәріміз білетін «Синий трактор» атты анимациялық фильм баланы орыс тіліне үйретеді, музыкасын айта кетер болсақ, есте қаларлықтай, әрі оңай жатталады.Сонымен айтқым келетіні бала психикасы мен санасына болашақта балаға зауал келтірмейтін анимация және анимациялық фильмдер таңдау қажет.
Айша Тельман,
Кинотану мамандығының 1 курс студенті (Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)