Пoртoвeккьoдан шығып аралдың ішкі жағына қарай жүрсeң, көп ұзамай айнала биіктeй бастайды да, кeсeкк...
«Рәміздер – арожданым, айбыным!» атты байқаудың жүлегерлері жарияланды
13-23 шілде аралығында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы мен «Балалар жылына» орай Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы аудан, ауыл мектеп оқушылары арасында, инстаграм әлеуметтік желісінде рәміздерге арналған «Рәміздер – арожданым, айбыным!» атты өлеңдер оқу байқауын жариялаған. Жастар арасында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетіп, жүлдегерлерін жариялады.
Бірінші орын: Пазылбек Инауат, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Сағыр аулы
Екінші орын: Отархан Дархан, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық аулы
Үшінші орын: Құбай Ақкербез, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жас аулы
Ынталандыру:
Нұрым Айшат, Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай аулы
Ахмет Назерке, Ақмола облысы Шортанды ауданы
Динара Тулеген, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Мырзағали Мадияр, Алматы облысы Панфиолов ауданы Басқыншы аулы
Жалғасбек Ару, Алматы қаласы
Жеңімпаздарға дипломдар мен қатар бірінші орынға 150 мың тг, екінші орындаға 100 мың тг, үшінші орынға 50 мың тг және ынталандыруға әр қайсына 10 мың теңгелік сертификаттар табысталды.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, бейнероликте өзін-өзі ұстауына, видео сапасына баса назар аударады.