Фүруғ Ферруһзад. Қара үй

ӘДЕБИЕТ
3332

Фүруғ Ферруһзад. Нима Юшидж бастаған модерн парсы әдебиетінің негізін қалаушылар қатарында ойып тұрып орын алатын ақын. Ия, Фүруғ тек қана ақын емес, режиссер, актер, суретші һәм жазушы да еді. Расын айтқанда Фүруғ өнермен тыныстады. Ол жиырмасыншы ғасырдағы нағыз Иран әйелінің еркіндігін көрсете білген жан. Австриялық жазушы Томас Бернхардтың «Шайқау» романында «Еркіндік жайлы ой қалып секілді менің рухымды езіп барады...» деген сөйлем бар. Фүруғ да еркіндікті сүйгені соншалық, сол еркіндік жайлы ой оның қапасына айналған іспетті. Қалай десек те, Фүруғ Ферруһзад өз өнерімен еркін тыныстай алған парсылық ақын. «Мәдениет порталы» ақынның бірнеше өлеңін ана тілімізге тәржімалап оқырман назарына ұсынады. Мархаббат! 

Фүруғ Ферруһзад, ақын

Сұрақ

Сәлем балықтар... балықтар сәлем
сәлем қызыл балықтар, жасыл, сары балықтар сәлем,
айтыңдаршы маған:
өлген жандардың жанары секілді суық
қала түндерінің ақыры секілді иесіз,
мына бір жатын бөлмеде
жалғыздық пен үрейдің перілері күн кешкен әлемнен шығып
қабырғаларды,
сағаттарды,
әйнектерді иемденген сыбызғы әуенін естідіңіздер ме екен?
Сол әуен естілген сайын
тәжге ұқсас жұлдыздар аспаннан төменге құлай береді,
кішкентай жүрекшелері өксігін баса алмай...

Сыйлық

Мен саған түннің бітер тұсынан үн қатып отырмын қазір,
қараңғылықтың бітер тұсынан және
Сүйіктім, үйіме келетін боп жатсаң егер
шам әкелші маған
кішкентай бір терезені де ұмытпашы, сүйіктім
Мен енді терезе алдына шам шағып қойып
көшенің қойнында балқыған қалың бір нөпірге сыртынан қарағым келеді...

Аударған Файзулла Төлтай

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...