Ұлытау облысының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

Жаңалықтар
772

Отырысқа облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыс мәслихатының хатшысы Б.Шыңғысов, облыс, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. 



Күн тәртібінде бірқатар мәселе талқыланды. Депутаттар Ұлытау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін бекітті. 

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын халық қалаулыларына қаржы басқармасының басшысы А.Сыздықова ұсынды. Оның айтуынша, бюджет жобасы өңірдің әлеуметтік- экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетеді. Сонымен қоса, «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС және оның құрылымдық бөлімшелері 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Ұлытау облысының қарамағына кірді. Содан бері облыстық бюджетке қосымша түсімдер 1 млрд 73 млн теңгені құрады. 2023 жылға арналған болжам бойынша Корпорациядан түсетін түсімдер 5 млрд 792 млн теңгені құрайды. «Ағымдағы жылға облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 102 млрд 322 млн 585 мыңды құрайды, келесі жылға – 109 млрд 511 млн 132 мың теңге, 2025 жылға – 127 млрд 187 млн 961 мың теңге», - деп хабарлады А.Сыздықова. 

«Бюджетті қалыптастыру кезінде біз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын ескеруіміз керек. Мұндай жоспар әр аймақта болуы тиіс. Сонымен қоса, біз даму жоспарымыз аясында демографиялық өсу мен халықтың көшуін ескере отырып зерттеулер жүргіземіз, әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жоспарлаймыз», – деп атап өтті облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы. 

Өңір басшысы Ұлытау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары үш бағытты қамтитынын атап өтті: «Азаматтардың әл-ауқаты», «Тұруға ыңғайлы және қауіпсіз өңір» және «Мықты экономика». Мақсаттар айқындалып, нысаналы индикаторлар белгіленді. 

Талқылаудан кейін ұсынылған бюджет және даму бағдарламаларының жобалары бекітілді.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...