Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың баласымен әңгімелеспейтінін алға тартып, дабыл қақты.&laq...
Мемлекеттік термиеология комисииясының отырысы өтті
532
2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың төрағалығымен Мемлекеттік терминология комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес фармацевтика, экология және геология салалары бойынша 1100-ден астам термин қаралды. Бекітуге ұсынылған терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талдау үшін termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
Қызу талқылау мен дауыс беру нәтижесінде осы кезге дейін ана тілімізді шұбарлап келген кейбір терминдер қазақы мәнге ие болып, өмірге жолдама алды. Олар отандық ғылыми терминологияның алтын қорына олжа болып түсті.
Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылады.