Халықаралық «The Beatles» күні Бүкіл әлемге танымал ливерпульдік «Битлз» тоб...
Бартокка тарту циклы жалғасын тапты
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеті өзінің тыңдармандарына «Под знаком Белы Бартока» атты Бартокка тарту циклының жалғасын тарту етті.
Классикалық жанрдағы музыкаларымен тыңдармандарын қуантып, өздерінің сан қырлы таланттарымен ерекшеленетін топ әр кезеңді және заманауи туындыларымен қатар, бір-біріне ұқсамайтын өзгеше кештерді ұсынуда.
Концерттің бірінші бөлімі өз заманында музыкаға керемет серпіліс алып келген венгриялық талантты композитор - Бела Бартокқа арналса, екінші бөлімі немістің ұлы композиторы – Иоганесса Брамсқа арналды.
Кеште керемет өнер иесі, танымал ресейлік кларнетші, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі-Артур Назиуллин қонақ болды. Ол өз заманындағы үздік ондық кларнетшілер қатарында.