Талғампаздық өнері. Жаңа деңгейге шығу

Жаңалықтар
926

Алматы қаласында 10 қараша күні Қазақстан қолөнершілер одағы және АҚШ-тағы Смитсон Институтының Фольклор және Мәдени Мұра Орталығы (the Smithsonian Senter for Folklife and Cultural Heritage) Chevron компаниясының және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Makerspace Expands! Artisan Exchange бірлескен жобасын ұсынды.
Бұл жоба қазақстандық және американдық сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне виртуалды "жұптық" мастер-класстар кезінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мастер-класстардың қатысушылар қазақстандық, сондай-ақ американдық жақтарынан суретшілер болды.
Жобаның басталуына дейін АҚШ-тағы Смитсон Институтының Фольклор және Мәдени Мұра Орталығы өз сайтында "бұл серия жаңа бастап жүрген суретшілерге қолдау көрсетуге, ортақ жұмыс істеу үшін қарым-қатынас орнатуға көмектесуге, тағы да халықаралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді" деп хабарлайды.
Сонымен: үш керемет виртуалды мастер-класс американдық және қазақстандық суретшілердің қатысуымен үлкен табыспен өтті, онда қолөнер өнерінің бірегей үлгілері жасалды.

11-13 қарашада Алматы қаласындағы Almaty Towers БО Байзаков көшесі, 280 мекенжайында орналасқан Американдық мәдени орталығында (American Space & Makerspace) нақты кездесу виртуалды серияның логикалық аяқталуы болады.

Іс-шаралар бағдарламасы:
11 қараша (жұма күні)
10.00-13.00. Uncommonly Natural Surface Explorations. Learning the Art of Samples and Documentation («Табиғи беттерді зерттеудің жаңа әдістері. Үлгілерді жасау және оларды құжаттау») мастер-класс. Жүргізуші – американдық киіз суретшілердің ең белгілі бірі Дженис Арнольд.
15.00-16.30. Makerspace Expands! Artisan Exchange жобасының Ардак Абишев, Ботагоз Зейнелхан, Мадияр Жапабаев шебер-қатысушыларының бірлесе презентациясы.
17.00-19.00. Learning the Language of Fiber - My Exploration & Adventures with Felt («Киіз тілін үйрену –  киіз әлеміндегі зерттеулерім мен оқиғаларым») презентация. Жүргізуші – Дженис Арнольд (АҚШ).
12 қараша (сенбі күні)
11.00-14.00. The Art of Refinement, pushing your work to new levels. Mapping a Path from Vision to Reality («Талғампаздық өнері, жаңа деңгейге шығу. Идеядан шындыққа дейінгі жолды салу») мастер-класс. Жүргізуші – Дженис Арнольд (АҚШ).
13 қараша (жексенбі күні)
11.00-14.00. Дженис Арнольд (АҚШ) және қазақстандағы белгілі суретші Айжан Бекқұлованың (Қазақстан) бірлескен мастер-класс.

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...