Абай облысында 30 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы қамауға алынды

Фото: Абай облысы ПД

Жаңалықтар
1003

 30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып. Абай облысында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың өлі денесі табылғандығы туралы кеше жазған болатынбыз.

Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті ауылдан Семей қаласына бармақ болып, "қызым таксиге мініп кетті" деп өтірік айтқан. Алайда шаһардағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп, шарқ-ұрып іздеген полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен туған анасы ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.  

"Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды", – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.

Жаңалықтар

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен...

Шоу-бизнес

Бір кездері өнер әлемінде жарқ еткен, алайда кейін көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев "1001 түн" бағ...