ЮНЕСКО аясындағы шара Түркістанда өтеді

РУХАНИЯТ
566

16 қарашада Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресі өтеді.



Бұл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар аясындағы шаралардың кезектісі.

Бұған дейін мерейтой аясындағы шаралардың бірі 4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтсе, «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция 1 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен болатын.

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін басып шығару, архив материалдарын іздестіру, ұлт ұстазы атындағы сыйлық пен төсбелгілер тағайындау, монета, марка шығару, мектеп, көшелерге, әуежайға Ахмет есімін беру және ескерткіштер орнату бағытында жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі күні 1 ауыл, 203 құрамдас бөлік, 37 мектеп, 1 музей, 1 гүлзар ұлт ұстазының есімімен аталады.  

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...