Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Жаңалықтар
782

Назарларыңызға қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарыс нәтижелерін ұсынамыз.



Бокс. Элина Базарова Ла-Нусияда (Испания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Финалда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің отандасымыз германиялық қарсыласы Куцохриста Хризовалантты жеңді. Сондай-ақ, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде неміс Карлотта Шуенеманды жеңген Бақыт Сейдиштің қоржынында да «алтын». Нұрбек Мұрсал (67 кг) мен Дәулет Төлемісов (75 кг) турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Әсем Таңатар (63 кг) мен Әсел Тоқтасын (+81 кг) қола жүлдегер атанды.

Конькимен жүгіру. Финляндияда Сейняжоки конькимен жүгіру спортынан жастар арасындағы Әлем Кубогының I кезеңін аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын (Алина Дауранова 500 және 1000 метр), 2 күміс (Алтай Жардембекұлы, Никита Важенин) және 1 қола медаль (Нұралы Ақжол) жеңіп алды.

Үстел теннисі. Алан Құрманғалиев Португалиядағы беделді WTT Youth Star Contender Vila Nova de Gaia халықаралық үстел теннисі турнирінің жеңімпазы атанды.

Теннис. Михаил Кукушкин Италияда Челленджердің финалисі болды. Castel del Monte OPEN жекелей сында біздің теннисші швейцариялық Леандро Ридиден жеңіліп қалды.

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...