Балалар жылы: Димаш Құдайберген қайырымдылық фестиваліне қатысады

МУЗЫКА
480

Астанада Балалар жылы аясында «BIZ BIRGEMIZ» кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді. 


dimashnews.com сайтының жазуынша, Фестиваль «Барыс Арена» стадионында 14 желтоқсан күні сағат 19:00-де басталады. Көрермен Қазақстанның танымал әртістерімен қатар, дарынды ерекше орындаушылардың өнеріне куә болады.

Олардың қатарында: Nazima, Кенжебек Жанәбілов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, «Қарақат» мектеп-студиясы, «СЕНСИТИВ» сахналық өнерден әлем чемпионатының Гран-при иегерлері. Кеш қонағы – Димаш Құдайберген.

Билет сатудан түскен барлық қаражат церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сатып алуға бағытталады.

Фестиваль билеттерін мына сілтеме бойынша сатып алуға болады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...