I республикалық «АШЫҚ САХНА» байқауы басталды

ТЕАТР
972

Қазақстанда Жас дарындарды қолдау мақсатында «Ашық сахна» байқауы өтеді. Бұл байқау өнер саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. Байқау өтетін мерзім: 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры 4 000 000 теңге.

«Ашық сахна» республикалық байқауы бес іріктеу кезеңнен тұрады. «Хореография», «Либретто», «Музыка», «Сценография» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, «Астана Балет» театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Астана Балет» театрының басшылығы мен еліміздің мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер бар.

«Осы тектес байқау өткізу идеясы көптен ойда жүрген еді. Міне бүгін оны толық жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр. Біздің, яғни, идея авторлары мен ұйымдастырушылардың негізгі міндеті – хореография өнері саласындағы дарынды хореограф, сценограф, композитор және сценаристерді тауып, оларға қолдау көрсету. Қазіргі заманғы отандық хореографияны дамыта түсу үшін, жас авторларды жаңа идея мен форма іздеуге ынталандырмақшымыз», - деп ойымен бөлісті, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-21 желтоқсан аралығында ashyq_sakhna@astanaballet.kzэлектронды поштасына жолдау керек. «Астана Балет» театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.

Қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2023 жылғы 1-мамырында «Астана Балет» театрының сахнасында өтеді. Сондай-ақ, осы күні «Ашық сахна» байқауының жеңімпаздары қойған хореографиялық туындының премьерасы болады.

Байқау «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» Жеке қоры мен «Астана Балет» театры, Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ мен әлеуметтік серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Осы секілді бастамалардың арқасында отандық хореография өнеріне тың серпін беріліп, балет өнері саласындағы ұлттық дәстүрді тереңдете түсуге жол ашылады деген сенімдеміз.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...