Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіның ұжымы ұлыстың ұлы күні Нау...
Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
620
Бүгін Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді.
Шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы қатысты.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл бастаманы қолдайтынын жеткізген еді.
«Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын», – деді президент.