Асқар Наймантаев. Таң қалам

ӘДЕБИЕТ
2764


Бір облыстың әкімі ұшты-күйлі жоқ болып кетіпті. 

Енді жоғалып кеткен мен сияқты қаңғыған әртіс емес, әкім болған соң пәлитсиә да, ит те, әскер де, балшы, балгер де іздейді. Шарқ ұрады.

Үшінші күні бір шал «Өй, әкімдерің дін аман, орманның ортасында отыр, омалып!» – дейді. 

Жұрт салып ұрып орманға барса, әкім отыр. Екі көзі құмырсқаның илеуінде.

– Оу, бұл не отырыс? Жай ма?

– Жай... Үш күннен бері мына құмырсқаларға қарап отырмын. Не әкімшілік жоқ, не бір бригадир жоқ, не полиция жоқ. Бірақ, жұмыс жүріп жатыр, жүріп жатыр. Әлі бір жиналыс болған жоқ! Таң қалам, қалай сонда?


Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...