Жылдың үздік кәсіпкерлері марапатталды

Жаңалықтар
775

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қосшы қаласы әкімдігінде жылдың үздік кәсіпкерлері марапат төрінен көрінді.



Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси «Jana Bastau» газеті ұйымдастырған «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауының қорытынды марапаттау салтанаты мен «Қосшы және Қолтаңба» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы жиналған көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.



Биыл ақпан айында Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси «Jańa bastau» газеті мен janabastau.kz интернет ресурсы дүниеге келген болатын. Жаңа 2023 жыл қарсаңында бір жылда жасалған жұмысты негізге ала отырып редакция ұжымы арнайы жинақ шығарды. Қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы мен «Jana Bastau» газетнің құрылтайшысы, белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы екеуі «Қосшы және Қолтаңба» атты кітаптың салтанатты түрде кітаптың лентасын қиды.



«Жылдың үздік кәсіпкері» байқауының қорытындысы бойынша «Жылдың үздік өндірушісі» аталымында жеңіске жеткен, «Aqmol Jihaz» цехның құрылтайшысы, кәсіпкер Мұсабеков Нұрдаулет Хабдуллаұлы, «Жылдың үздік өндіріс орны» номинациясының иегері - «Мейіржан» металл құрастыру цехының құрылтайшысы, кәсіпкер Азамат Серманов, «Өрендердің үздік ордасы» аталымында топ жарған «Еркемай» балабақшасының құрылтайшысы, кәсіпкер Асқарова Гүлерке Жұмабекқызы марапат төрінен көрінді. 



Ал, «Жылдың үздік мектепке дейінгі мекемесі» аталымында жеңіске жеткен «Балдәурен» балабақшасының құрылтайшысы,кәсіпкер Өтегенова Шолпан Қажайыпқызы, «Жылдың үздік зияткерлік орталығы» аталымында жеңіске жеткен «Пикассо» арт сурет орталығының құрылтайшысы, кәсіпкер Айзат Абжан Исақызы, «Үздік өнерлі балалар ордасы» номинациясының иегері «Bal-Bala» балабақшасының құрылтайышысы, кәсіпкер Диханова Айман Маратқызы, «Үздік тағам өнеркәсібі» номинациясына ие болған «Қосшы нан» наубайханасының құрылтайшысы, кәсіпкер Әбжал Елғаділ Сейілұлы марапатталды.



Сондай-ақ, «Жылдың үздік кәсіпорны» номинациясының иегері «SKY EXPRESS ELEVATOR KZ» Лифтзавод компаниясының құрылтайшысы, кәсіпкер Хабиб Нариман Асқарұлы, «Балғындардың үздік ордасы» аталымында жеңіске жеткен «Амина-2011» балабақшасының құрылтайшысы, кәсіпкер Қожахметов Есмағзым Қажыгерейұлы және «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» жобасында «Жылдың үздік әлеуметтік жауапкершілігі» номинациясына ие болған «Aruzhan Plaza» мейрамханасының құрылтайшысы, кәсіпкер Кәкімжанов Дидар Бөлтірікұлы да үздіктер қатарынан көрінді. «Үздік тауары» аталымында жеңіс тұғырынан көрінген «KAZYNA-SR» ЖШС Бас директоры, кәсіпкер Матайбаева Сайра Әйтенқызы және Үздік демалыс орыны номинациясына ие болған «Fazenda» отбасылық мейрамханасының құрылтайшысы, кәсіпкер – Баян Суннатова үздік деп танылды.

Барша марапат иелерін құттықтаймыз!

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...