85 жастағы қызылордалық қария 2 млн. түп ағаш еккен

kaz.tengrinews

Жаңалықтар
1712

85 жастағы қызылордалық Бектай Сүлейменов бағбандықты қолға алғалы шамамен 2 млн түп ағаш еккен. Қарттығына қарамастан ол әлі күнге күрек-кетпенін қолынан тастаған емес. Бұл туралы kaz.tengrinews-ке сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.

Ақсақал тал отырғызуды 12 жасынан бастаған екен. Содан бері қара жерге қадаған көшетінің саны 2 млн-ға жетіпті. Қарт бағбанның қала сыртында тұрып жатқанына 34 жыл болды. Осы күні қарамағындағы 25 гектар жердің 8 гектары жайқалып тұр.

“Әуелгіде 4-5 сотық жерді шағын насоспен суару арқылы егуден бастадым. Қазір мұнда алма, алмұрт, шие, сары өрік, қара өрік, жиде, жүзімнің үш-төрт сорты, тағы басқа жеміс ағаштары өсіп тұр. Таулы жерде өсетін арша, бот арша, боз арша сияқты қылқан жапырақтыларды, қарағай, қайыңды да жерсіндірдім”, - деді орманшы.

Бектай ақсақал өзінің бағынан бөлек Қызылорданың бірнеше көрікті орнын көркейтіп-көгалдандыруға үлес қосты. Жастайынан бейнетке бейімделген оның шаруасына қазіргі күні балалары мен немерелері қолғабыс жасап жүр.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...