Лос-Анджелесте биылғы «Алтын глобус» иелері анықталды

Жаңалықтар
556


Лос-Анджелесте «Алтын глобус»  сыйлығының  80-ші маусымы өз шымылдығын ашты. Былтыры ғана «Вестсайдық оқиға» фильмімен  үш глобус алған Стивен Спилберг биыл да қалыс қалар емес.   Оның «Фабельмандар» фильмі режиссерға қатарынан екі глобус алып берді  ( "Үздік режиссер»  және «Үздік драма» номинациясы бойынша). Одан бөлек «Драмадағы үздік ер рөлі» бойынша «Алтын глобусты»  отыз бір жасар Остин Батлер иеленді. Оның атақты әнші Эльвис Престли туралы автобиографиялық фильмде сомдаған рөлі әлем көрермендерін  аузына қаратты.  Бұл туралы  «Эльвис өзі тіріліп келгендей...» деп жазды BBC.

Және 2006 жылы ғана «Алтын глобус» қатарына енген «Үздік анимация және мультфильм» номинациясы бойынша жүлдені «Пиноккио» мультфильмі иеленді. Режиссерлері  Гильермо дель Торо, Марк Густафсон.

«Үздік драма»  номинациясына  биылғы жылдың үлкен жаңалығы болған атақты Джеймс Кэмеронның «Аватар 2: Су жолы» фильмі де қатысқан болатын. Бірақ өкінішке орай, бәлкім қуанышқа орай Джеймс Кэмерон  глобусты аттап өтіп, бірден «Оскарға» ауыз салуды жөн санаған сияқты.

Айта кетейік, «Алтын глобус» 1944 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан, кино және телевизия саласы бойынша АҚШ тағы ең беделді сыйлықтардың бірі. Көбісі мұны «Оскардың индикаторы» деп атайды. Статистика бойынша «Оскар» алған фильмдердің көбі оған дейін «Алтын глобусты» алған.  Ұйымдастырушылар әрі негізін қалаушылар- Голливудтағы шетел Бақ ассоцациясы ( ГШБА). Бүгінде оған 90-ға жуық журналистер мен фото журналистер мүшелік етеді. «Алтын глобусты» анықтайтын да солар. 

Өкінішке орай өткен жылы ғана бұл бірлестікте дау шығып, атақты Netflix пен  Amazon студиялары аталмыш сыйлыққа байкот жариялаған болатын. Айтуларынша жаңағы мүшеліктегі  90  журналистің арасында бір де бір қара нәсілді журналист жоқ екен. Және олардың дауыс берулері кілең жемқорлық пен параға құрылған. Алпауыт компаниялардың пікірін Голливуд сұлуы Скарлет Иоханс пен темір сері Том Круз да қолдап отыр. Олар өздерінің бұған дейін алған «Алтын глобустарын» түгелдей ассоцацияға қайтарып берген.
 

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...