Қазақ қызы 100 келіден асатын «Тедди аюды» жамбасқа алып лақтырды

Жаңалықтар
4792


Әйгерім Әбілқадырова


Олимпиаданы үш рет жеңген және әлемнің 11 дүркін чемпионы франциялық дзюдошы Тедди Ринер қазақстандық спортшылармен бірге Алматыдағы жаттығу жиынында жүр.

Ринер ерлер құрамасымен ғана емес, әйелдер командасымен де спаррингтер өткізуде. Мәселен, оны дзюдодан Азия чемпионы (2011), грэплинг бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші және әзірге жалғыз чемпион (2018) Әйгерім Әбілқадырова жамбасқа салып жықты. 

Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақап аты - «Тедди аю». 


Тедди аю


Ринер дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, ол Францияда үш рет «Жыл спортшысы» болып танылды (2012, 2016, 2017). Ринер 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.



Vesti.kz

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...