Ұлттық экономика министрі Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті

Жаңалықтар
980


Өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров Ұлытау ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Жұртшылық ҰЭМ басшысына Жезқазған-Арқалық жол құрылысына жәрдемдесуді сұрады. Олардың айтуынша, инфрақұрылымды қалыптастыру аймақтың дамуына зор серпін береді. Министр атап өткендей, бұл мәселеге ерекше назар аударылатын болады. Жолдар - экономиканың негізгі артериясы, деді ведомство басшысы. Бұл ретте ол әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін күрделі және орташа жөндеу жөніндегі іс-шаралар жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге асырылатынын еске салды. Яғни, жөндеуге арналған ағымдағы шығыстар облыс әкімдіктерінің қарамағына берілді. 



Өз кезегінде, Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Барикенов Жезқазған-Арқалық учаскесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленгені және автомобиль жолының құрылысын үш жыл ішінде аяқтау жоспарланғаны туралы хабарлады. 2023 жылы республикалық бюджеттен Ұлытау облысы бойынша жолдарды салуға және жөндеуге 2,4 млрд. теңге бөлінді. 

Сондай-ақ, Ұлытау ауылының тұрғындары жанармай құю станциясын салуды сұрады. Жергілікті билік ЖМҚС үшін жер телімін беруге дайын. Бүгінгі таңда инвесторларды іздеу жалғасуда. Тағы бір мәселе-жедел медициналық көмектің болмауы. Тұрғындар аурухана салу мәселесін қарастыру туралы өтініш білдірді. 

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары қыс мезгілінде жаңа арнайы техникамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Ә.Қуантыров жол компанияларының филиалдары Ұлытау облысында жақын арада ашылатынын атап өтті. 

Бұдан әрі министр Ұлытау ауылының тірек мектебінде болды. Білім беру мекемесінде 34 кабинет ашылды: STEM лаборатория, логопед, арт-студия, шеберлік класстары. Сондай-ақ алдағы уақытта басқа да мектептермен онлайн тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін телестудия жасақталған. Қаржылаундыру «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан жүргізіліп, оған 250 млн. теңге бөлінді. Ұлытау мектебінде 400-ге жуық бала оқиды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...