Арменияда Димаштың концерті өтеді

МУЗЫКА
1040


Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешен


Арменияның ірі кешендерінің бірінде Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы өтеді, деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 29 сәуірде өтеді деп жоспарланып отыр.

Жаңа ауқымды шоу Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде қойылмақ. Бұл – Еревандағы ең ірі концерттік кешендердің бірі. 2005 жылы нысанды жаңарту қолға алынып, ол үш жылда заманауи жоғары деңгейлі спорттық және концерттік аренаға айналды. Дыбыс жүйесі жақсартылып, 12 мың көрерменге арналған трибуналар орнатылды. Бұл кешен – шын мәнінде бірегей құрылым, өйткені көрермендер аренаның кез келген бөлігінен әртісті жақыннан ести алады. Стадионның пішіні көрермен үшін де, орындаушының өзі үшін де өте ыңғайлы.

Димаштың жаңа шоуына билеттер DimashAli.com сайтында сатылады. Алдын ала сату 31 қаңтарда аяқталады.


Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...