«ULYTAU» футбол клубының ойыншылары Ташкентте жаттығу өткізуде

КІТАПХАНА
428

 

 

Қазіргі уақытта «ULYTAU» футбол клубы Өзбекстанда жаттығу жиындарын өткiзуде. Команда бас жаттықтырушы Марат Еслямовтың жетекшiлiгiмен Ташкентте дайындалуда.

Күніне екі рет өтетін оқу-жаттығу жиындарымен қатар іріктеу жұмыстары да жүргізілуде. Жаттығуға 29 футболист қатысуда.

Жаттығу жиындары 30 қаңтарға дейін жалғасады. Біздің футбол мектебінің тәрбиеленушілеріне Қазақстан біріншілігінің бірінші және екінші лигаларының мектебінен өткен футболшылар қосылады. Барлығы осындай 3 жиын өтеді. 

 

 

Алдағы уақытта футбол бойынша Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысу үшін негізгі команда жасақталады.

Қазір Ұлытау облысының футбол қауымдастығы «ULYTAU» ФК командасының қатарын одан әрі толықтыру үшін 2007-2009 жылғы жасөспірімдер жаттығатын жасөспірімдер спорт мектебін дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

 

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...