Көкшетауда үшінші сыныпта оқитын қыз бала асылып қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қыздың ден...
Людмила Ли: Киелі қазақ жерінде корейлердің бесінші буыны өмір сүріп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында халықпен кездесіп, елдің болашағы мен бейбіт өмір туралы келелі кеңес болып өтті. Президент өз сөзінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне көңіл бөліп, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Кездесуге Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының да өкілдері қатысып, ел болашағы туралы өз ойларымен бөлісті. Этномәдени бірлестіктер басшыларының атынан «Тхоньиль» корей қауымдастығының төрайымы Людмила Ли баяндама жасап, өңірдің экономикалық-әлеуметтік, рухани даму салалары туралы сөз қозғады.
«Біздің облысымызда 80-нен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың 20-дан астам этномәдени орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінде Атырауды инновация мен әлеуметтік модернизацияның жарқын үлгісі деп айтуға әбден болады. Бір сөзбен айтқанда атыраулықтар қазір мүлдем өзгерген, жаңарған, заманауи мегаполисқа айналған қалада тұрып жатыр.
Біздің ең үлкен байлығымыз – Қазақстан халқының бейбітшілігі, келісі мен бірлігі! Бірлік деген қастерлі ұғым қуғын-сүргін көріп, жер аударылған барлық ұлттар мен ұлыстардың жүрегінің түкпірінде сақтаулы… репрессияның қиын-қыстау кездерінде әртүрлі ұлттың мыңдаған отбасылары Қазақстанға жер аударылған кезде, олар бізді өз туғандарындай құшақ жая қарсы алып, бір жапырақ нанын бөліп беріп, өз шаңырақтарының панасына кіргізген болатын», деп атап өтті ол.
Спикердің айтуынша, ең қиын заман бірінші толқынмен жер аударылғандардың басынан өтті. Алайда солардың еңбекқорлығының, адамгершілігінің арқасында бүгінгі ұрпақты ел сыйлайды.
«Біз, корейлер, осынау бір қастерлі қазақ жерінде өмір сүріп жатқанымызға 82 жыл болыпты. Қазір 5 буын ұрпағымыз өркен жайып, тамыр таратып отыр. Сондықтан да бірлігіміз бен берекеміз, ұрпақтар сабақтастығы одан әрі жалғаса беретініне кәміл сенеміз.
Корейлердің Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл толуына орай біз «Қазақ халқына мың АЛҒЫС» атты ескерткіш орнатқан болатынбыз.
Біз – Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің дамуы мен өркендеуіне бірлесе еңбек етіп келе жатқан бірлігі жарасқан халықпыз.
Этномәдени орталықтардың басты мақсаты – осы жеткен жетістіктерімізді одан әрі еселеп, бір Шаңырақ астындағы отандастырымыздың бақытты ғұмыр кешуіне қызмет ету болып табылады», - деп атап өтті Людмила Ли.
Шынымен де, қуғын-сүргін кезінде қазақ жеріне келіп, пана тапқан корей бауырларымыздың қазіргі ұрпағы ұлағатты тәрбиемен өсіп, елімізге пайдасын тигізіп келе жатыр. Соның бірі ретінде қазақ тілінің жанашыры, бүгінде мемлекеттік тілді үйретуде өзіндік методикасын жасап, едәуір жетістікке жетіп жүрген Владислав Тен есімді полиглот жігітті айтпай кету мүмкін емес. Оның «Мәміле-ТЕН» деген лингвистикалық орталығы тіл үйренуге қызығушылық танытқан барлық адамдарға қолдан келген көмегін көрсетуде.
Владислав Теннің өзі де аз уақыттың ішінде қазақ тілін еркін меңгеріп, бүгінде Виктор Цойдың әндерін қазақшаға аударып, орындап жүр.
Заман Төлеуов