Туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адам тіл тартпай кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
879

Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақта бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалған бес жолаушы болған.

L'Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған.

Оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары және бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 24 тамызда Астана уақыты бойынша с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қабіріне бүгін құлпытас қойылды. Бұл туралы журналист Жан А...