Дөңгелек үстел: Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекет

ТАРИХ
1008

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Бозоқ» ашық аспан астындағы ұлттық паркін құру» республикалық жобасын, сондай-ақ ғылыми – зерттеу бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өткізеді.

Семинар жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Түркия және Әзербайжан елдерінің ғалымдары мен жетекші отандық ғалымдар: т.ғ.д. З.С. Самашев, т.ғ.д. Б.Г.Аяған, т.ғ.к. Ж. К. Құрманқұлов, т.ғ.к. М.К. Хабдулина, т.ғ.к. А.К. Көшкімбаев, А. С. Ермолаева, PhD докторы С. К. Сәкенов, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады.

Өтетін күні: 24 ақпан 2023 жыл.

Уақыты: 10.00 сағ.

Өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54, ҚР Ұлттық музейі.

Шараға аккредиттеу үшін БАҚ өкілінің деректерін b_kulzhanova@mail.ru   электронды поштасына жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: + 7 (7172)999-062; 87021900284 (Бақытгүл Кульжанова).

 ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн-қатысу мүмкіндігі де ұсынылады.Конференция идентификаторы: 987 345 4382. Кіру коды: 112233.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...