Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, нумизмат П...
Қарағандылық археологтар қола дәуірінің теңдессіз мұрасын тапты
Шет ауданындағы Талды тархи-археологиялық паркінің аумағын зерттеген Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының археологтары қола дәуірінің тұтқасы бар шот балта мен "құйрықты" пышақ тапты. Елімізде қола дәуіріне тән мұндай тұрмыстық бұйымдар алғаш рет табылып отыр, деп хабарлайды saryarqanews.kz
Археологтар Талды қаласының аумағындағы қола дәуіріне тән ірі бес нысанды зерттеген. Олардың дені концетрлік қоршаумен оқшауланған қорғандар екен. Ол дәуірде адамдарды топырақ шұңқырлары мен тас жәшіктерге жерлепті. Мәйіттің бас жағына геометриялық ою-өрнекпен әшекейленген қыш құмыралар қойылған. Ол заманда бұл бұйымдар өте жоғары бағаланған. Егер қайтыс болған адам әйел болса, оның жанына зергерлік бұйымдар, яғни, білезіктер, моншақтар, тарақтар және басқа да заттар қойылған. Ал, ер адамның қабіріне жебенің ұштары мен кездік салыпты. Қарағандылық осы қабірлерді зерттеу барысында теңдессіз мұраға кез болды. Яғни, бастапқыда пышақ тауып алған.
– Пышақтардың дәстүрлі пішіні жапырақ тәрізді. Қайрау екі жағынан да жүреді. Оларды қанжар деп атауға болады. "Құйрықты" класына жататын пышақты біз алғаш рет тауып отырмыз. Ол пышақтың жүзі тік емес, иілген доға іспеттес. Бір бөлігі өткірленген, екіншісі қалыңдатылған. Ол тұрмыста қолданылады. Пышақ көлемді және ыңғайлы. Мүмкін, бұл пішіндегі пышақ басқа бір құралдан қарап жасалған болуы мүмкін, – дейді археолог Игорь Кукушкин.
Археологтардың табысы "құйрықты пышақпен" ғана шектеліп қалмапты. Олар әрі қарай қазба жұмыстарын жалғастыру барысында шот балта тауып алған. Бір ерекшелігі, ол заманау ұсталдардың құралына қатты ұқсайды екен.
– Шот балта ағаш өңдеу үшін пайдаланылды, – дейді археолог. – Оның көмегімен күймелер, қынаптар, ас үй ыдыстары жасалды. Табылған құралдың бірегейлігі – оның тұтқасы бар. Ол мүйізден жасалған. Ең қызығы – тұтқаны бекіту әдісі. Ол бізге шот балтаның жұмыста қалай қолданылғаны жайлы сыр шертеді.
Қазіргі таңда Талдыдағы қазба жұмыстары аяқталды.Енді археологтар жинақталған материалдар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.