Гүлмира Әжіханова. Зар-мұңға баттым, Заманым...

ӘДЕБИЕТ
1716

Жер – Ана мәңгі бұл бесік!

Рухыңмен үнсіз тілдесіп.

Сен жайлы жаным, тұңғиық,

Отырмын тағы мұң кешіп.


Құладың неге тірегім,

Қан жұтты неге жүрегім?.

Сенсіз де бұрын сенделіп,

Жұбаныш таппай жүр едім.


Қуанып еді жанарым,

Жолықтырғанда жаңа күн.

Онсыз да мұңлы жанымды,

Ойсыраттың-ау, Заманым!


Жан едің жайсаң, тым дарын,

Еркелетуші ең сұңғағым.

Аңырап қалар артыңда,

Білмеппін мұндай күн барын.


Жанымның мөлдір бұлағы ең,

Дірілдеп бітті мына дем…

Қасірет тұнған қайғыма,

Таба алмай жүрмін жылап ем.


Сүреңсіз күндер жылыстап,

Мен қалдым мұңды уыстап

Топырақ астын жылытып,

Сен жатсың мәңгі тыныстап.


Өзіңмен өткен абатты,

Күндер-ай, қайран қанатты.

Көрпемді жаспен суарған,

Өзіңсіз тағы таң атты…


Сарқылып бітті дәрменім,

Жауабын таппай әр ненің,

Айырған шексіз Аллаға

Жүрмейді титтей пәрменім.


Түбі жоқ азап құлдықтың,

Өтуде сенсіз ілбіп күн…

Байлаулы мен бір тағдырға,

Ілініп тұрған мұңлықпын.


Айналам сенсіз тас түнек,

Қараңғы… қайтіп жазайын?

Сорғалап тұрған тамшылап,

Жарамды қайтіп жазайын.


Не дейін саған үри-ай,

Дүрмегі сәттік дүрие-ай.

Жұбатып тұрып жылатқан,

Жұмбаққа толы дүние-ай… 

Аяулы жарым Заманым жатқан жерің жарық болсын!

Заман Төлеуовтың жары

Мәдениет порталы

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Медицина

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер салмағы небәрі 700 грамм болып туған нәрестенің өмірін сақтап қ...

Жаңалықтар

Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагоги...