«Менің достарым – менің байлығым» фестивалі өтті

РУХАНИЯТ
907

Қарағанды қаласына арнайы келген әлемдік дең­гейде мойындалып, тұтас Түркі әлемінің ру­ха­ниятын, оның ішінде Қазақстан мен Қа­рағандының мә­де­ниетін алты құрлыққа таныт­қан тұлға, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­кері, Қарағандының құр­метті азаматы Дүйсен Қа­сейінов «Достарым – ме­нің бай­лығым» атты музыкалық фестивалін өт­кізді.

Құрметті қонақты 75 жылдық мерей­тойымен құт­тық­таған Қарағанды облы­сы­ның әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Дүйсен Қасейінов көрнекті өнер қайрат­кері, педагог қана емес, сонымен қатар дарынды дипломат, мәдениетті жақын­дастыратын адам екенін атап өтті.

– Еліміздің мәдениетін дамытуға, халықаралық байла­ныс­тарды нығайтуға зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс айта­мыз. Қарағандыда сіз еңбек жолыңызды бас­тап, өңіріміздің мә­дениетін дамытуға баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің ар­қаңызда біздің әртістер Америкада, Қытайда, Ресейде, Гер­ма­нияда, Фран­цияда, Италия­да, Иранда, Иракта гас­тро­ль­дік сапар­мен бола алды, – деді Ерма­ғанбет Қаб­дулаұлы.

Дүйсен Қасейінов – профессор, скрип­кашы. 2003-2004 жыл­дары Қазақ­стан Республикасы Мәдениет министр­лігін бас­қарды. Оның есімі «Әуенді Сары­арқа» халықаралық фес­тивалімен байланысты. Ол Қарағандыда 20 жылдан астам уақыт өтіп келеді.

– «Достарым – менің байлығым» фестивалінің ерек­ше­лігі – көрермендер алдында біздің еліміз бен хал­қы­мыз­ды шын жүректен құрметтейтін барлық жақын дос­та­рым өнер көр­сетеді. Қай жерде болсам да, не істесем де, Қарағанды әр­қашан менің жүрегімде. Мен мұнда жыл сайын балалық ша­ғымдағы достарыммен, сынып­тас­тарыммен, туыстарым­мен кездесуге келемін. Мен мұнда жер­лестеріме деген үлкен сүйіс­пеншілікпен фестивальдар өт­кіземін, – дейді Дүйсен Қасейінов.

Дүйсен Қасейінов

Мерейтой иесі туралы достары да жылы сөздер айтты. Олар­дың пікірінше, Дүйсен Қасейінов – өнердің шека­расын жоя­тын адам.

– Дүйсен Қорабайұлын 15 жылдан бері білемін. Біз оны­мен фестивальде кездейсоқ таныстық. Ол өнердің нағыз біл­гірі. Қай жерде болмасын, ол әрқашан өз елін керемет си­паттайды. Осы кісінің арқасында біз Қарағандыға, қара­ғандылық әріптестерімізге ғашық болдық. Олар өз өнерінің сарбаздары. Елді білу үшін оның өнерін білу керек деп бекер айтылмаған, – деді Әзербайжанның еңбек сіңірген әртісі Роза Зергерли.

Өнер кешіне әлемнің үздік өнерпаздары мен еліміздің та­лантты әншілері қатысып, жиылған жұртқа рухани ләззат сый­лады. Фестиваль ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүй­сен Қасейіновтың 75 жылдық мерейтойына арналды. Ол – қазақ өнерін дүниежүзіне насихаттап, оны дамытуға, ха­лық­аралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқан кесек тұлға. Мерейтой иесін құттықтауға Ресей, Әзірбайжан, Ита­лия, Түркия, Өзбекстан елінен өмірдегі, өнердегі дос­тары келді. Дүйсен Қасейінов дәл осы мемлекеттермен арадағы мә­дени ынтымақты арттырғаны үшін талай марапат алған. Бұл күні Роза Рымбаева, Полад Бюль-Бюль Оглы, Ли Ен Сон, Фериаль Башель, Мансур Ташматов, Массимо Мер­челли секілді танымал өнер жұлдыздарын тыңдау үшін елі­міз­дің бірнеше өңірінен көрермендер жиналды. Әншілерді Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр сүйемелдеді.

– Жан-жақты бағдарлама болғаннан кейін халықтың да на­зары көп болып тұр. Мен оған қуанамын. Алматыдан да, Аста­надан да, басқа да қалалардан келіп жатыр. Расында да мен фестиваль өткізбегелі 5 жыл болыпты. Сағындым өзім­нің достарымды, олар да мені сағынды деп ойлаймын, – дей­ді ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсен Қасейінов.

Қарағанды облысы

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...