Ақпарат әлеміне латын әліпбиінде шығатын газет қосылды

РУХАНИЯТ
1888

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 2 қараша күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесерін өткізді. 



Шараға ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері,Министрлік қызметкерлері,тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Елімізде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латыннегізді қазақ әліпбиін нәсихаттайтын және жаңа әліпбиге қатысты ақпаратпен, танымдық материалдармен бөлісетін жаңа әліпбиде жарық көріп отырған тұңғыш басылым – «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық танымдық газетін қалың оқырманға таныстырды. 



Айына екі рет жарияланатын газеттің мазмұнын, оның жаңа әліпбиге көшу кезеңіндегі маңызын түсіндірді. Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, газет ұжымын және ұйымдастырушыларды құттықтады. 

Сонымен қатар ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, жазушы Төлен әбдік, қоғамға танымал азаматтар Ерлан сайыров, Мұхтар Тайжан, т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. 



Газеттің алдағы уақыттағы бағыты талқыланып, бүгінгі қоғамның күн тәртібінде тұрған емле мәселелері жайында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Газет таныстырылымы барысында өткен ғасырда латын әліпбиінде жарық көрген қазақ басылымдарының тарихына шолу жасалып, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы пысықталды. 


Adebiportal.kz


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...