«Ақаннан әуелеген әсем ән» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтеді

МУЗЫКА
1481

Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан сезімге толы, айшықты да сұлу өрілген сөздерімен арбайтын, ақындығымен жүрекке жылы тиіп, жаныңды жаулайтын әсем әндерімен арқаның атақтысы болған Ақан сері Қорамсаұлының кәусәрдай мөлдір әндері ұлттық ән өнері қазынасына зор үлесін қосуы, ұрпақтан сол асыл мұраны жалғастыруды талап етеді. 


Ақмола облысы білім басқармасының және мәдениет басқармасының қолдауымен Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі дәстүрлі түрде өткізіп жүрген «Ақаннан әуелеген әсем ән» атты дәстүрлі әншілер байқауын 2023 жылдың 19-20 сәуірі аралығында өткізеді.

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже «Ақаннан әуелеген әсем ән» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметінің қамтамасыз етілуін, өткізу тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді. 

1.2 Байқаудың ұйымдастырушысы – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК.

1.3 Байқаудың мақсаты мен міндеті: 

Заманның әрдайым өзгеріп, өмірге жаңа өнерпаздардың келіп отыруы өмір заңдылығы екенін ескере отырып, Ақан әндерінің жаңа орындаушыларымен бірге жаңарып, жаңғырып отыруын қабылдау. 

Ақан сері шығармашылығына жаңа дем беріп жүрген жас дарындарды анықтап, шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсету арқылы ары қарай танылуына жол ашу.

Өнерлі жастардың Ақан сері бабамыздың өнер мұрасына деген көзқарастарын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

2. Қатысушылар

2.1 Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі:

1) «Балалар» – 12-15 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектеп, өнер мектептері мен гимназия-лицейлердің оқушылары;

2) «Жасөспірімдер» – 16-20 жас аралығындағы колледждердің білім алушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері;

3) «Жастар» – 21-25 жас аралығындағы жастар.

Дәстүрлі өнерді бірге дәріптейік!!!

Хаким Хасамбай

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...