Астанада бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 11 жастағы бала көз жұмды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
592

Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жедел жәрдем бригадалары ауруханаларға алты зардап шегушіні – бір ересек адам мен бес баланы жеткізген.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, барлығы қатты дәрежедегі көміртегі тотығынан уланған. Зардап шеккендер реанимацияға жатқызылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

«2014 жылы туған бір бала аса ауыр жағдайда жеткізіліп, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан көз жұмды», – делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, өрт 6 желтоқсан күні үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде шыққан. Қатты түтін бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі подъезге тез таралып, тұрғындарға қауіп төндірген. Құтқарушылар 40 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...