58 жастағы көкшетаулық шахматшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Ақ...
14 жастағы қызды зорлады деген депутат сотталды
Фото: ng.kz
Лисаковск тұрғыны кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Tobol.info-ға сілтеме жасап.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыптау үкімін шығарған.
Іс жабық режимде қаралғандықтан, оның егжей-тегжейі жарияланбайды.
«Сот Лисаковск тұрғынын ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша 13 жастағы қызға қатысты жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті», - делінген хабарламада.
Ozgeris.info жазуынша, Лисаковск қаласында кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, кәсіпкер А.Д.
Қылмыс туралы дерек наурыз айында белгілі болған. Лисаковск тұрғындары үшін бұл хабар нағыз шок болды. Айып тағылған тұлға қалаға танымал кәсіпкер. Алкоголь өнімдерін шығаратын кәсіпорынның бас директоры. Қалалық мәслихаттың депутаты болған. Спорттық-сауықтыру қызметтерімен айналысқан. Ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін бизнес жүргізген. Қайырымдылық жасаған. Мешіт құрылысына қаржы бөлген. Мұқтаж жандарға көмектескен.