Иманбек «Жыл жаңалығы» номинациясына ұсынылды

МУЗЫКА
2077

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының «Жыл жаңалығы» номинациясына ұсынылды, -деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

GQ ерлер журналы жыл сайын әр түрлі номинациялар бойынша сыйлықтар үлестіріледі. Биыл журналдың үздіктерінің қатарына үміткер болып, Қазақстанға қатысы бар бірнеше өнер адамы енген. Мысалы, Өскемен қаласында туған стендапер Евгентий Чебатков «Экрандағы тұлға» номинациясына, Керекуде дүниеге келген, көпшіліккен Скриптонит деген лақап атпен танымал Әділ Жәлелов «Жыл музыкантына», ал режиссер Тимур Бекмамбетов «Жылдың үздік продюсері» ретінде ұсынылдын.

Ал Иманбек «Жыл жаңалығы» атағына үміткер. Бұл номиациядан одан басқа актерлер Федор Федотов, Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев бар.

Айта кетейік, Иманбек Зейкенов биылғы жылы ТМД көлемінде алғаш болып, «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол бұл сыйлықты SAINt JHN-ның Roses композициясына ремиксі үшін алды.

madeniportal.kz

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлай...