Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қазақстанның Ұлттық дерект...
Нұр-Сұлтанда латын әліпбиін үйрету курсы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 26 наурыз – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» республикалық курс латын негізді қазақ жазуын оқытатын курс ұйымдастырады.
Жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін меңгерген білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.
Курстың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.
Курста тыңдаушыларға жаңа қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы, төл және кірме, бірге және бөлек, күрделі және қысқарған сөздердің, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, шеттілдік сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы, жаңа әліпбиді меңгертудегі жаңа IT жобалар туралы ақпарат беріледі.
Жаңа емлені үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.
Курсқа республикалық оқу орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері мен аудармашылар қатысады.