«Жансақтау бөлімінде»: Алматыда ойын алаңында бір жарым жастағы баланы тоқ соқты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1151

Алматыда "RAMS Qazaqstan" компаниясы салған тұрғын үй кешенінде кішкентай бала электр тогына түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қазіргі уақытта сәби жансақтау бөлімінде жатыр, ал анасы әкімдік пен құрылысшылардан жауап күтуде.

Оқиға Навои көшесіндегі №39 үйдің ауласында болған. Әйелдің айтуынша, балалар ойнайтын алаңда орналасқан шам бағанасының түбінде темір арматура ашық күйінде тұрған. Құмда отырған қыз байқаусызда қолымен темірді ұстап қалған сәтте қатты тоқ соғып, жерге құлап түскен.

Анасын да тоқ соққан, себебі ол баласын құтқаруға ұмтылған.

Нәтижесінде 1,5 жасар Аминаның қолы ауыр күйіп қалған. Қыз қазір дәрігерлердің бақылауымен жансақтау бөлімінде жатыр.

"Балалар ойнайтын жерде электрге жалғанған темір қалай ашық тұруы мүмкін? Бұл — үлкен қателік! Балаларымыздың өмірін қауіпке тіккендер жазасыз қалмауы тиіс!" – дейді ашынған ана. Ол Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниясынан оқиғаның себептерін анықтап, кінәлілерге шара қолдануды талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...