«3 жас пен 11 айлық»: Атыраулық әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3193

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық баланың өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 23 наурыз күні Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында болды. Сенімді дереккөздерге сүйенсек, келіншек балаларын өз қолымен тұншықтырып өлтірген.

Полиция кәмелет жасқа толмаған екі баланың денесі табылғанын растады.

«Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Ол Атырау облысының тұрғыны.Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған.Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды», деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары полиция басшылығының бақылауында екені хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...